Қостанай гуманитарлық колледжінде «Құқықтану» мамандығының оқушылары үшін Қостанай облысы Әділет департаментінің бас маманы С.С.Айтовамен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не және оның пайда болу себептері» тақырыбында семинар өткізілді, оның барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыру тетіктері саясаты, мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды шарты ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті көтеру туралы талқыланды..
Семинардың негізгі мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын дамыту.
Семинарды ұйымдастырушылар: Султанова Б.К., Кулжанова Б.Т.