Қардан тазалау жұмыстары
Колледж аумағында қардан тазалау жұмыстары жүргізілді ❄️ Ортақ күштің арқасында ауламыз қауіпсіз әрі таза болды. Таза орта — жайлы оқу кепілі! ✨
Қостанай гуманитарлық колледжі
БІЗДІҢ БІЛІМ ОРДАСЫ — БОЛАШАҚТЫҢ ЖОЛ БАСЫ!
Колледж аумағында қардан тазалау жұмыстары жүргізілді ❄️ Ортақ күштің арқасында ауламыз қауіпсіз әрі таза болды. Таза орта — жайлы оқу кепілі! ✨
DosbolLike және буллингке қарсы сенім педагогикасы» тақырыбында педагогтерге арналған мастер-класс өтті. Іс-шара кейс-стади әдісі негізінде ұйымдастырылып, білім беру ортасында буллингтің алдын алу жолдары мен сенімді қарым-қатынас қалыптастырудың тиімді педагогикалық тәсілдеріне арналды. Мастер-класс барысында қатысушылар нақты жағдайларды талдап, оқушылар арасындағы жағымсыз Read more
Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және жауапты мінез-құлықты қалыптастыру мақсатында деректі фильмдер мен бейнематериалдар көрсетілді. Көрсетілім барысында заңды сақтау, жеке жауапкершілік пен саналы таңдау жасаудың маңыздылығы туралы айтылды. Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал етеді.
Студенттер үшін қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған бейнероликтер көрсетілімі ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушылар жеке қаржыны дұрыс басқару, шығындарды жоспарлау және саналы қаржылық шешім қабылдау туралы маңызды ақпарат алды. Қаржылық сауаттылық — болашақтағы тұрақтылық пен сенімділіктің негізі!
Бүгін өткен ТОП-10 форумында Костанай облысының үздік студенттері марапатталды. «Студенттік өмірдің үздік ақпараттық қамтамасыз етілуі» номинациясында жеңімпаз атанған біздің студент Викторова София ТОП-10 қатарына енді. Жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Сондай-ақ форум аясында облыстық ТжКБ дебат лигасының жеңімпаздары марапатталды. Біздің колледждің Read more
3 курс «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығында білім алушы Егорова Виктория Қостанай облыстық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған шара барысында «Үздік волонтёр» атанды! Бұл марапат – оның белсенділігі мен қоғамға жасаған үлесіне берілген лайықты құрмет. Викторияның еңбегі көпке үлгі! Жетістігімен Read more
Республикалық «Ертіс аймақтық лигасы» сайысында біздің колледждің «Қостанай арулары» командасы жеңіске жетіп, 2025 жылдың чемпионы атанды! Бұл маңызды дода Павлодар қаласында өтті. Біздің қыздар шеберлігін, бірлігін және нағыз көшбасшылық қасиеттерін көрсетіп, жоғары нәтижеге қол жеткізді. Құттықтаймыз! Жаңа жеңістерге жол ашық Read more
Психологиялық қолдау апталығы аясында, Бала құқықтары күніне орай, колледжімізде екі маңызды іс-шара ұйымдастырылды. «Эмоциялар фокусында» интерактивті көрмесінде білім алушылардың жарқын сәттері мен позитивті эмоциялар сыйлайтын фотоколлаждары ұсынылды. Ал «Жетістіктер ағашы» акциясы әр студентке өз жетістігін белгілеуге және даму жолында жігерленуге Read more
Колледжімізде жастар арасында кең таралып келе жатқан қауіптер туралы өте маңызды кездесу өтті 📌 Тақырып — есірткі «закладка» 💊, лудомания 🎰 және дропперлік 💸. Кездесуді ҚАЖ жүйесінде сотталғандармен тәрбиелік жұмыс жүргізу бөлімінің бастығы, юстиция майоры Шкляев Николай Николаевич өткізді 👮♂️. Read more
Бүгін 1 курс білім алушылары арасында діни сауаттылық тақырыбында танымдық әңгіме өтті. ☀️ Іс-шара барысында жастарға түрлі діни ағымдарды ажырату, ақпаратты сын тұрғысынан қабылдау, қоғамдағы толеранттылық пен келісімнің маңыздылығы түсіндірілді. Студенттер сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісіп, ашық диалог алаңы қалыптасты. Read more