Қызылша-жедел вирустық инфекциялық ауру. Қызылшадан ең тиімді қорғаныс-уақтылы вакцинация. Қостанай гуманитарлық колледжінде қызылшаға қарсы иммундау бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Алдын алу мақсатында колледж оқушылары арасында “қызылшаның алдын алу”тақырыбында дәріс өткізілді. Дәрісті “№ 5 емхана” ЖШС дәрігер –эпидемиологы Д. А. Мұқабенов өткізді.
Білім алушыларға қызылша қоздырғыштары, эпидемиология, клиникалық белгілері, емдеу әдістері, алдын алу, эпидемия ошағында іс-шаралардың дұрыс жүргізілуі туралы мәліметтер берілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Вакцинация




