Сенбілік
🌿 Бүгін колледжімізде сенбілік өтті! Студенттер мен ұстаздар аумақты тазалап, қоқыс жинады. Колледж ауласы тазарып, тәртіпке келтірілді. Сенбілік барысында аумақ баршаға жайлы әрі таза ортаға айналды.
Қостанай гуманитарлық колледжі
БІЗДІҢ БІЛІМ ОРДАСЫ — БОЛАШАҚТЫҢ ЖОЛ БАСЫ!
🌿 Бүгін колледжімізде сенбілік өтті! Студенттер мен ұстаздар аумақты тазалап, қоқыс жинады. Колледж ауласы тазарып, тәртіпке келтірілді. Сенбілік барысында аумақ баршаға жайлы әрі таза ортаға айналды.
🏆💪 Қуанышты жаңалық! Біздің білім алушы – Трубчак Анастасия, «Есеп және аудит» мамандығының 2-курс студенті, Семей қаласында өткен Қазақстан Республикасының пауэрлифтинг чемпионатында 🏋️♀️ 1-орын иеленді! 🇰🇿✨ Оның еңбегі, төзімі мен қайсарлығы барлығымызға үлгі! 🌟👏
Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасының қолдауымен өткен “Жазғы кубок-2025” жайдарман фестиваліне 8 команда қатысты. «Қостанай Арулары» командасы жүлделі 3-орынды иеленді. Құттықтаймыз: Абдуалиева Татьяна Аралбек Аружан Райханова Құралай Әлімжан Балым Дүйсекова Жарылғасын.
🌟 Дарынды жастарды қолдауға арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына конкурс басталды! 📌 6 бағыт: ғылым, мәдениет, бизнес, медиа, IT, волонтерлік 📅 Өтінім қабылдау: 16 маусым – 18 тамыз 👥 Қатысушылар жасы: 14–35 жас
2025 жылдың 24 маусымында Қостанай гуманитарлық колледжінің «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алушылары Қостанай облысының прокуратурасы ұйымдастырған «Ашық есік күні» мен «Заң және тәртіп» акциясы аясындағы кәсіби бағдар беру кездесуіне қатысты. Іс-шара барысында студенттер прокуратура органдары мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі Read more
Колледжімізде «Өмірге қол соз!» атты бір реттік акциясы аясында психологиялық жаднамалар, парақшалар таратылды. Акцияның мақсаты – жастар мен ата-аналарды психологиялық қолдау орталығының қызметімен таныстыру, буллинг пен зорлық-зомбылықтың, ПӘҚ қолданудың алдын алу. «Медиация мектебі» және «Қарым-қатынас бағдаршамы» атты психологиялық жаттығулар өткізілді. Read more
WorldSkills Kostanay-2025 облыстық чемпионатында 203 жас маман жүлдегер атанды. Олардың арасында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша 3-орынға ие болған 4 курс студентіміз Матвеева Анастасия да бар. Жетекшісі-арнайы пәндер оқытушысы Дитаева Д.М. Құттықтаймыз!
IT құзыреттері бойынша WorldSkills аймақтық чемпионаты ашылды! Біздің колледж атынан жарысқа екі қатысушы қатысуда: Осипов Карэн-«Графикалық дизайн», Шундеев Роман-«Веб-технологиялар» құзыреті бойынша. Қатысушыларымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз!
21 мамырда Қостанай Жоғары колледжінде «Мектепке дейінгі тәрбие»құзыреттілігі бойынша WorldSkills Kostanay – 2025 чемпионатының салтанатты ашылуы өтті. Бұл өз шеберлігін көрсету және тәжірибе алмасу үшін мектепке дейінгі білім берудегі ең жақсы жас мамандарды жинайтын маңызды оқиға. Чемпионаттың ашылуы колледж әкімшілігі Read more