2023 жылдың 27 қаңтар күні Қостанай облысы әкімлігінің білім басқармасы ММ Рудный политехникалық колледжі КМҚК ұйымдастыруымен «Менің мамандығым. Менің өндірістегі тәжірибем» (халықаралық қатысуымен) облыстық-практикалық конференция онлайн форматта өтті.
Іс-шараға облыс бойынша 23 колледж және Челябі обысының 4 колледжісінен барлығы 110 білім алушы өз тәжірибесімен бөлісті. Қатысушылар 9 секция бойынша бөлінді. Әр секцияны 4 әділқазы алқалары қадағалап, әділ бағаларын беріп отырды. Қостанай гуманитарлық колледжі мекемесінен аталған іс-шараға «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Аударма ісі, «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтары бойынша 6 білім алушы қатысты. 8-секция қатысушылары арасынан 3 НОБ-11 тобының білім алушысы Аманғали Данияр, 9-секция бойынша 3 НОБ-11 тобының білім алушысы Туребаева Сабина 2-орынға ие болды. Барлық қатысушыларға сертификат табысталды.