День здоровья.

Еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап, Елбасымыз Н.Назарбаев Қазақстан халқының денсаулығын нығайту, спорттың бұқаралылығын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, осы арқылы дені сау ұлтқалыптастыру мәселесіне үзбей көңіл бөліп келеді.Қостанай гуманитарлық колледжінде де дені сау ұрпақ қалыптастыруға ерекше көңіл бөлініп келеді.
Оқу орнында жа­қын­да ғана өткен «Денсаулық күні» спар­та­киа­дасы – осы сөзіміздің дәлелі. «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының идеясымен және Елордасы Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналып 15 қыркүйек күні Қостанай гуманитарлық колледжі қабырғасында  Денсаулық күні өткен болатын. Колледж директоры Байешов Абдимаулен Байешұлының қолдауымен көмекке мұқтаж балаларға көмек ретінде жарыс ұйымдастырылды.

Жарыс түрлері мынандай кезеңдерге бөлінді:

  1. Арқан тарту
  2. Қол күрестіру
  3. Дартс
  4. Көңілді сергіту
  5. Дұрыс тамақтану
  6. Жылдам секіру
  7. Медуза
  8. Орнынан секіру

Осы 8 бағыт бойынша жарысты ұйымдастырғандар колледжімізде студенттерден құралған жеке өзін-өзі басқары тобы болып табылады. Бұл топтың басшысы Третьяк Милина 4 курс студенті. Жарысымыз өз мәресіне жеткеннен соң, оқу орны алаңында көмекке мұқтаж балаға жәрдем ретінде ақылы жүгіру жарысы өткізілді. Жарыста жиналған қаражат «Жизнь на ладонях» қорына тапсырылды.

 

 

Директордің оқу-тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары: З.М Жангужина

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *