АИТВ жаһандық денсаулық сақтаудың негізгі мәселелерінің бірі болып қала береді. Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні қарсаңында колледжде “Салауатты өмірге қадам” тақырыбында “Қостанай облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы” МКҚК ұйымдастырған семинар-тренинг өтті. “Дұрыс жолды таңдаңыз-адам құқықтарының жолы”. Іс-шара барысында мамандар АИТВ-инфекциясының алдын алудың негізгі жолдары мен принциптері туралы; АИТВ-инфекциясын жұқтырған адамдарды әлеуметтік және құқықтық қорғау туралы хабардар етті. Тұзды есірткіні тұтынудың, сондай-ақ алкогольді асыра пайдаланудың жағымсыз салдары туралы хабардар етілді. “Сұрақ-жауап”тренингі өткізілді.
