025 жылдың 3 сәуірінде Әділет департаментінің әкімшілік бөлімі «Ата Заң – тәуелсіздіктің тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған зияткерлік ойын өткізді. Ойынға Қостанай гуманитарлық колледжінің студенттері қатысты.
Ойын барысында студенттер тест сұрақтарына жауап беріп, кроссвордтар мен ребустар шешіп, елдің негізгі заңы жөніндегі білімдерін көрсетті.
Іс-шараның соңында студенттердің назарын Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтары мен міндеттеріне аудару мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.
Қазақстан Республикасы азаматының мәртебесі тек құқық беріп қана қоймай, белгілі бір міндеттерді орындауды да көздейді.