Ашық есік күні аясында және жастарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында Қостанай гуманитарлық колледжінің студенттері үшін Департаментпен және оның құзыретімен танысты. Кездесу барысында болашақ түлектер Департамент жұмысының негізгі бағыттарымен, іріктеу кезеңдерімен және мемлекеттік қызметтегі мансаптық перспективаларымен таныстырылды. Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуы, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту жөніндегі жұмыс, сондай-ақ көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалау және мониторингілеу рәсімдері мәселелеріне ерекше назар аударылды.