2025 жылдың 24 маусымында Қостанай гуманитарлық колледжінің «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алушылары Қостанай облысының прокуратурасы ұйымдастырған «Ашық есік күні» мен «Заң және тәртіп» акциясы аясындағы кәсіби бағдар беру кездесуіне қатысты. Іс-шара барысында студенттер прокуратура органдары мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы толық ақпарат алып, прокуратураға қызметке орналасу шарттарымен де танысты.
«Ашық есік күні» мен «Заң және тәртіп» акциясы аясындағы кәсіби бағдар беру кездесуі
