«Балалар еңбегі – Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының талаптары мен шектеулері»

Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының негізгі қағидаттарының бірі еңбек саласындағы кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу болып табылады.
Бала еңбегін заңсыз пайдалануға жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде еңбек шартын жасасуға жол берілетін жас мөлшері айқындалған.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзғаны үшін, оның ішінде балалар еңбегін пайдалану кезінде бұзғаны үшін жұмыс берушілерге қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген, атап айтқанда, адамды еңбек шартын жасамай жұмысқа жіберуге, еңбекке ақы төлеу талаптарын бұзғаны үшін, жұмыс уақытының нормасын заңсыз асырғаны үшін, еңбек саласында кемсітушілікке жол бергені үшін, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету қағидаларын бұзғаны үшін.
Облыстың Құрметті ата-аналары мен жұмыс берушілеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ететінін және оларды кемсітушілікке жол бермейтінін ескертеміз. Ол үшін балалардың құқықтары кепілдігінің құқықтық негіздері қалыптастырылып, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі тиісті органдар мен ұйымдар құрылды.
Балалар мен олардың ата-аналарының құқықтық мәдениетін арттыру маңызды рөл атқарады.
Балалар-Кез келген мемлекеттің болашағы және мемлекеттің басты міндеті-біздің балаларымызға зияткерлік және рухани жағдайда болуға, шынайы құндылықтарды табуға, ар-намысты, ар-ождан мен қадір-қасиетті сақтауға көмектесу.
Біз балаларды бұл мүмкіндіктен айырмауға шақырамыз, өйткені әр баланың өмір сүруге, бақытты балалық шаққа құқығы бар!

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған