15 қарашада «Қостанай Гуманитарлық колледжі» мекемесінде колледж студенттерін кәсіптік тәжірибеге жіберу үдерісін автоматтандыруды түсіндіру мақсатында студенттермен кездесу өтті. Бизнес-жобаға сәйкес, студенттерді кәсіптік тәжірибеге жіберу процесі «Enbek.kz» бірыңғай цифрлық жұмыспен қамту платформасы арқылы жүзеге асырылады. АЖ (ҰБДБ) ақпараты негізінде студенттік түйіндемесін жасағаннан кейін жұмыс беруші оны қарап шығып, тағылымдамадан өтуге шақыру жібереді. Болашақта студент Қазақстандағы бос орындардың ең үлкен базасына қол жеткізе алады.