Біртұтас тәрбие» бағдарламасы мен «Серіктестік алаңы» жобасы аясында «Қостанай Гуманитарлық колледжінде «Өнерлі өрге жүзер» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара «Торғай Гуманитарлық колледжі» мен Н. Кульжанова атындағы колледж арасында онлайн форматта өтті.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнерге қызығушылықтарын арттыру және талантты жастарды қолдау. Іс-шара барысында қазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалап, ең үздік команданы марапаттады. Бұл іс-шара болашақ педагогтар үшін үлкен тәжірибе алаңы болды, себебі олар өздерінің кәсіби дағдыларын тек шығармашылық емес, педагогикалық салада да дамытты.