“Біртұтас тәрбие” бағдарлама бойынша

       Балабақшада асық балаға тамаша жарасады. Асық арқылы балалар көне ұлттық ойындардың ережелерімен танысып қана қоймай, ұйымдастырылған іс-әрекеттің барлық түрлерінде тәрбиешілерге көмекші болады.
Асықтар арқылы балалар санауға, логикалық ойлауға, сонымен қатар дәлдік пен ептілікке үйренеді. Асық ойындар арқылы балалар жан-жақты сөйлеу дамуына жақсы әсер етеді.

     “Біртұтас тәрбие” бағдарлама бойынша мектепалды “Кроха” тобында екі топ арасында жарыстар өткізілді. Ұйымдастырылған іс – шараға “Қостанай Гуманитарлық колледж” студенттері шақырылды. Олар іс – шараларға белсене қатысты, “Омпы” ойының қазылар алқасы болды. Ойының соныңда, балаларға грамота берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған