Колледжде 1 курс студенттері арасында «Денсаулық күні» спорттық фестивалі өтті.
Іс-шараның мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау.
Міндеттері: оқушылардың қозғалыс белсенділігін қалыптастыру; төзімділікті, ептілікті және қозғалыстарды үйлестіру қабілетін дамыту және жетілдіру; оқушылардың дене тәрбиесі мен спортқа деген қызығушылығын дамыту. Мереке салтанатты жиынмен басталды.
Келесі кезекте қатысушылар флешмоб өткізіп, жалпы жаттығулар жасады. Студенттер станциялардан өтіп, дартс, секіру, боулинг және жүгіру бойынша қабілеттерін көрсетті. Фестиваль соңында қатысушылар мен жеңімпаздар мақтау қағаздары мен кубоктармен марапатталды. #ДенсаулықКүні #ҚГК