Дипломдарды салтанатты түрде тапсыру

2024 жылғы 28 маусымда Қостанай Гуманитарлық колледжінің түлектеріне дипломдар салтанатты түрде табыс етілді. Колледж директоры Айтмағамбетов Ермек Жылгелдэнович қоштасу сөздері мен қымбат дипломдарды табыстады. Қостанай қаласы білім бөлімінің № 6 бөбекжай-балабақшасының әдіскері, әлеуметтік әріптес Тыныштық Гүлсая Таңатқызы түлектерге жаңа биіктерге жетуді, мансаптық өсуді тіледі.
Артта қалып балғын шағы – ертегі,
Дәл бүгіннен басталады ертеңі.
Алып шығар ашық, терең теңізге
Арман атты ақ кеменің желкені.
Бойға жиған салт-дәстүр мен мұраны,
Ел мүддесі болсын асқақ ұраны.
Мәртебесін көтеретін биікке.
Жас түлектер – тәуелсіз ел қыраны!

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған