Тақырып бойынша cеминар-тренинг. «Салауатты өмірге қадам. Дұрыс жолды таңдаңыз-адам құқықтарының жолы».

АИТВ жаһандық денсаулық сақтаудың негізгі мәселелерінің бірі болып қала береді. Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні қарсаңында колледжде «Салауатты өмірге қадам» тақырыбында «Қостанай облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК ұйымдастырған семинар-тренинг өтті. «Дұрыс жолды таңдаңыз-адам құқықтарының жолы». Іс-шара барысында мамандар АИТВ-инфекциясының алдын алудың негізгі жолдары мен принциптері туралы; АИТВ-инфекциясын жұқтырған адамдарды әлеуметтік және құқықтық қорғау туралы хабардар етті. Тұзды есірткіні тұтынудың, сондай-ақ алкогольді асыра пайдаланудың жағымсыз салдары туралы хабардар етілді. «Сұрақ-жауап»тренингі өткізілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған