2024 жылғы 17 қазан — Департамент жас мемлекеттік қызметші мектебінің қызметіне арналған Қостанай гуманитарлық колледжінің студенттерімен кездесу ұйымдастырды.
Жоба белсенді және талантты жастарды кәсіби өсу үшін бірегей мүмкіндіктер бере отырып, Мемлекеттік қызметке тартуға бағытталған.
Іс-шара барысында студенттер Мемлекеттік қызметтің рөлі мен міндеттері, сондай-ақ Мектепке қатысу перспективалары туралы білді.
Іріктеу қорытындысы бойынша елдің дамуына өз үлесін қосуға дайын дарынды жас мамандар пулы қалыптастырылатын болады.
Кездесу соңында студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды. Естеріңізге сала кетейік, іріктеуге жоғары оқу орындарының, сондай-ақ техникумдар мен колледждердің бітіруші курс студенттері қатыса алады.
Барлық ниет білдірушілерді жас мемлекеттік қызметшінің мектебіне қатысуға шақырамыз. Өтінімдер 2024 жылғы 31 қазанға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Қостанай қаласы, Қасымқанова, 34, 507 кабинет.
Ел болашағының бір бөлігі болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!