2024 жылдың 10 қыркүйегінде колледждің 1 курс білім алушылары үшін Қостанай темір жол ауруханасының «Jastar Med» жастар денсаулық орталығының терапевт дәрігері Ж.Т. Нұрахметова және психолог Ж. А. Ақанова «жыныстық қол сұғылмаушылық, ерте жүктілік»тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді. Іс-шараның мақсаты жасөспірімдердің салауатты өмір салтына деген құнды көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету, білім алушылардың ұрпақты болу денсаулығын қорғау туралы хабардар болу деңгейін арттыру. Оқушыларды ерте жүктіліктің физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік проблемаларымен таныстыру. Бұл түсініктемелер жасөспірім кезінде туындайтын проблемалық жағдайларды өз бетінше талдай алады.