Бүгін, 2024 жылдың 24 сәуірінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қ.А.Алекешова, сырттай оқу бөлімінің меңгерушісі И.А.Ким, тарих пәнінің оқытушысы К.Б.Қасымов Әулиекөл ауданынының мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушылар Қостанай Гуманитарлық колледжінің мамандықтары, оқу мерзімдері, жеңілдіктер, құжаттарды қабылдау ережелері туралы ақпарат алды. Оқушылар мамандық таңдаудың және дұрысын таңдаудың қиын екенін айтты. Балаларға бос уақытты қалай өткізу, қызығушылық үйірмелерінің болуы, жатақханада тұру жағдайлары қызықтырды. Кездесулер белсенді диалог форматында өтті. Бүгінде кәсіптік бағдарлау жұмыстарымен 290 бала қамтылған. Әрбір оқушыға дұрыс таңдау жасауды тілейміз!