Жұмыс берушілер күні

Колледждің 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспары негізінде және «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында жұмыс берушілер күнін өткізу аясында 2025 жылдың 25 сәуірінде колледжде «Жұмыс берушілер күні» өткізілді.
Іс-шараға қатысушылар: әлеуметтік серіктестер, мемлекеттік мекемелер, жоғары оқу орындары, оқытушылар мен колледж студенттері.
Шараға 20-дан астам ұйым мен мекеме қатысып, өздерінің ұйымдастырушылық және әдістемелік ұсыныстарын ұсынды.
Студенттер үшін бұл ақпарат болашақ кәсіби даму жолын таңдауда маңызды қолдау болды. Жоғары оқу орындары құжат қабылдау мерзімі мен ЖОО-ға түсу ережелерін жариялады.
Іс-шараның жалпы қамтылуы – 120 адам.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған