«Интернет-алаяқтықтың алдын алу шаралары»тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті

2025 жылғы 28 қаңтарда Қостанай Гуманитарлық колледжінде «Интернет-алаяқтықтың алдын алу шаралары»тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа Қостанай облысы ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қатысты: полиция майоры О.А. Магыпаров және полиция капитаны Р. М. Мадьяров, олар ата-аналарды өңірдегі жағдай, интернет-алаяқтықтың неғұрлым кең таралған тәсілдері туралы хабардар етіп, кибергигиенаны сақтау жөнінде ұсыныстар берді. Колледж әкімшілігі оқу жылының 2-ші жартыжылдығындағы оқу-тәрбие процесінің мақсаттары мен міндеттері туралы айтып берді және ұсыныс ретінде балалардың интернеттегі белсенділігін бақылауға көмектесетін «ата-ана бақылауы» қосымшасын ұсынды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған