Нашақорлыққа қарсы күрес өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі басым міндеттердің бірі. Бұл мәселенің өзектілігі есірткі заттарының адам ағзасына әсерінің ерекшеліктерімен және оларды қолданудың ауыр салдарларымен байланысты. «Қостанай Гуманитарлық колледжінің» білім алушылары мен ұстаздары Қостанай облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі аға жедел уәкілі А.К. Ерадиловамен бірлесіп, Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай «Жастар есірткіге қарсы» ұранымен Қостанай қаласының тұрғындарының арасында«Есірткіге жоқ» тақырыбымен буклеттер таратты. #КГК #есірткіге жол жоқ