Нашақорлықтың алдын алу өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі басым міндеттердің бірі болып табылады. Қостанай облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі аға жедел уәкілі А.К. Ерадилова және Криминалдық полиция басқармасының полиция капитаны Н.С. Ахмадеева колледж оқушыларына есірткі заттарын сақтағаны, таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік, кибербуллинг деген не екенін айтып берді, ҚР ҚК 194-бабын түсіндірді.