2024 жылдың 17 қазан күні Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі Қостанай гуманитарлық колледжімен «Серіктестік жобасы» аясында «Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық үрдістерін ойын арқылы дамыту» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.
Семинар-практикумның негізгі мақсаты-әлеуметтік серіктестігімізді дамыту, танымдық үрдістер арқылы білім алушылардың ынтасын арттыру.
Семинар барысында әртүрлі танымдық үрдістердегі ойындар ойнатылды. «Шынылы тақтай», «Ою кілемі», «Тіс пастасы әдісі» және т.б жаңаша әдістер көрнекіліктермен қолданылды.
Қорытындылай келе, «Самаурын әдісі» бойынша, шай іше отырып білім алушылардан кері байланыс алынды.
Семинарды педагогикалық тәжірибенің әдіскерлері Т. У. Аубакирова,
Д. Б. Білісбековалар іс-шараны жоғары дәрежеде ұйымдастырды.