Қостанай Гуманитарлық колледжі ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастама еткен «Таза Қазақстан» акциясына қатысуды жалғастыруда.
Бүгін «Жас Ағаш» республикалық экоакциясы аясында еріктілермен, ұстаздармен және колледж әкімшілігімен бірлесіп қайың, терек, майқарағай, қарағай көшеттері отырғызылды. Акцияның мақсаты азаматтардың, сондай-ақ, жасыл желектерді көбейту және көгалдандыру бойынша еріктілердің қатысуымен қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту және халық тұратын аумақта экологиялық тазалықты сақтау.
Экоакцияларды өткізу табиғатқа, Отанға қамқорлықтың символы болып табылады! Экологиялық акциялар өскелең ұрпақ үшін елдің табиғи байлығын, табиғи сұлулығын сақтау және ұлғайту бойынша оң үлгі болып табылады.