Нашақорлық мәселесі бүгінгі таңда ерекше өзекті болып отыр, өйткені оның кең таралуы жастар мен жасөспірімдер арасында бұл әдеттің қалыптасуын болдырмау үшін шұғыл шаралар қабылдауды қажет етеді. Себебі дәл осы топтар сыртқы жағымсыз әсерге өте бейім. «Таза ұлт», «Қауіпсіздік болашақ», «За жизнь», «Трезвая сила» іс-шаралары аясында жоғары топтағы білім алушылар арасында көңілді жарыстар өтті. Бұл іс-шараның мақсаты – студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Біздің болашағымыз – өз қолымызда. Бұл болашақтың жарқын және бақытты болуы үшін, әркім салауатты өмір салтын ұстануы керек.