Бүгін өткен ТОП-10 форумында Костанай облысының үздік студенттері марапатталды. «Студенттік өмірдің үздік ақпараттық қамтамасыз етілуі» номинациясында жеңімпаз атанған біздің студент Викторова София ТОП-10 қатарына енді. Жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сондай-ақ форум аясында облыстық ТжКБ дебат лигасының жеңімпаздары марапатталды. Біздің колледждің Какимова Жанара мен Бурткумбай Мерей қатысқан команда 3-орынды иеленді. Жарайсыңдар! Барлық студенттерге шығармашылық пен табыс тілейміз! Әр қадамдарыңыз үлкен жетістікке жетелесін!




