«Үш мәдениеттің майталманы»

2024 жылдың 18 қазан күні Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Білім орталығында қазақстандық аудармашы, прозашы, публицист, әдебиеттанушы Герольд Карлович Бельгердің туғанына 90 жыл толуына орай «Үш мәдениеттің майталманы» атты әдеби кеш өткізілді. Белсене ат салысқан «Қостанай Гуманитарлық колледжі» мекемесі «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасымен әдістемесі» мамандығының 1НОБ-18 тобы білім алушылары болды. Іс-шарада Г.К.Бельгердің әдеби шығармаларының маңыздылығы, жазушының отаншылдығы, оның Отанға деген сүйіспеншілігі атап өтіліп, қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларын аударған талантты аудармашы екендігіне назар аударылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған