«Қостанай гуманитарлық колледжі» мекемесінің 3УиА-15 тобының оқышылары «15 қараша – Ұлттық валюта күні» мерекесі қарсаңында, Қостанай қаласындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ бөлімшесіне барып, ұлттық теңгенің айналымға ену тарихымен танысты. Танысу барысында оқушыларға «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ бұрынғы уақытта қолданыста болған монеталары және ақша санайтын құрылғылары сақталған мұражай көрсетілді. Мұражайда сақталған құндылықтар оқушылардың ақша түрлерінің қалай қалыптасқанын білуге үлкен септігін тигізді.