Жұмыс берушінің бірыңғай күні

Бүгін, 2022 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасының барлық аумағында Жұмыс берушінің бірыңғай күні өткізілуде.
Іс-шараның мақсаты – бәсекеге қабілетті маман даярлау мәселесінде жұмыс берушілермен сындарлы ынтымақтастық нысандарын іздеу.
Ал бүгін біздің іс-шараға әлеуметтік серіктестер, мемлекеттік және білім беру мекемелері, бизнес өкілдері, колледж түлектері, оқытушылар мен колледж студенттері қатысты.
Бүгін біздің әлеуметтік серіктестерге студенттердің шығармашылық жұмыстары, баяндамалар, хабарламалар, тренингтер, сауалнамалар ұсынылды.
Салтанатты бөлім марапаттау рәсімімен аяқталды. Ынтымақтастық туралы меморандумды жүзеге асыру және дуальды оқытуды енгізу аясында бірлескен іс-шараларды ұйымдастырып, өткізгені үшін колледждің әлеуметтік серіктестері Қазақстан Республикасы Білім басқармасы мен Білім министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған