Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары

Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және жауапты мінез-құлықты қалыптастыру мақсатында деректі фильмдер мен бейнематериалдар көрсетілді. Көрсетілім барысында заңды сақтау, жеке жауапкершілік пен саналы таңдау жасаудың маңыздылығы туралы айтылды. Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал етеді.

Қаржылық сауаттылықты арттыру

Студенттер үшін қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған бейнероликтер көрсетілімі ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушылар жеке қаржыны дұрыс басқару, шығындарды жоспарлау және саналы қаржылық шешім қабылдау туралы маңызды ақпарат алды. Қаржылық сауаттылық — болашақтағы тұрақтылық пен сенімділіктің негізі!

ТОП-10 форумы

Бүгін өткен ТОП-10 форумында Костанай облысының үздік студенттері марапатталды. «Студенттік өмірдің үздік ақпараттық қамтамасыз етілуі» номинациясында жеңімпаз атанған біздің студент Викторова София ТОП-10 қатарына енді. Жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Сондай-ақ форум аясында облыстық ТжКБ дебат лигасының жеңімпаздары марапатталды. Біздің колледждің Read more

Үздік волонтёр

3 курс «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығында білім алушы Егорова Виктория Қостанай облыстық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған шара барысында «Үздік волонтёр» атанды! Бұл марапат – оның белсенділігі мен қоғамға жасаған үлесіне берілген лайықты құрмет. Викторияның еңбегі көпке үлгі! Жетістігімен Read more

«Қостанай арулары» тобының жеңісі

Республикалық «Ертіс аймақтық лигасы» сайысында біздің колледждің «Қостанай арулары» командасы жеңіске жетіп, 2025 жылдың чемпионы атанды! Бұл маңызды дода Павлодар қаласында өтті. Біздің қыздар шеберлігін, бірлігін және нағыз көшбасшылық қасиеттерін көрсетіп, жоғары нәтижеге қол жеткізді. Құттықтаймыз! Жаңа жеңістерге жол ашық Read more

Психологиялық қолдау апталығы

Психологиялық қолдау апталығы аясында, Бала құқықтары күніне орай, колледжімізде екі маңызды іс-шара ұйымдастырылды. «Эмоциялар фокусында» интерактивті көрмесінде білім алушылардың жарқын сәттері мен позитивті эмоциялар сыйлайтын фотоколлаждары ұсынылды. Ал «Жетістіктер ағашы» акциясы әр студентке өз жетістігін белгілеуге және даму жолында жігерленуге Read more

ҚАЖ жүйесінде сотталғандармен тәрбиелік жұмыс жүргізу бөлімінің бастығымен кездесу

Колледжімізде жастар арасында кең таралып келе жатқан қауіптер туралы өте маңызды кездесу өтті 📌 Тақырып — есірткі «закладка» 💊, лудомания 🎰 және дропперлік 💸. Кездесуді ҚАЖ жүйесінде сотталғандармен тәрбиелік жұмыс жүргізу бөлімінің бастығы, юстиция майоры Шкляев Николай Николаевич өткізді 👮‍♂️. Read more

Діни сауаттылық

Бүгін 1 курс білім алушылары арасында діни сауаттылық тақырыбында танымдық әңгіме өтті. ☀️ Іс-шара барысында жастарға түрлі діни ағымдарды ажырату, ақпаратты сын тұрғысынан қабылдау, қоғамдағы толеранттылық пен келісімнің маңыздылығы түсіндірілді. Студенттер сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісіп, ашық диалог алаңы қалыптасты. Read more

Конькимен жүгіру спорты

Біздің колледждің мақтанышы, «Есеп және аудит» мамандығының 2-курс студенті, Сыздыкова Аина, конькимен жүгіру спортынан Қазақстан Республикасының чемпионатында жарқын нәтиже көрсетті! 🏆⛸️ Ол 1000 метр қашықтықта – 2 орын, ал 1500 метр қашықтықта – 3 орын иеленіп, жоғары деңгейдегі шеберлігін дәлелдеді. Read more

Қостанай облысының Әділет департаментіне танымдық экскурсия

Жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы іс-шаралар шеңберінде Қостанай облысының Әділет департаментіне танымдық экскурсия өтті 🏛️. Студенттеріміз юстиция саласының қызметімен танысып, практикалық тұрғыдан құнды ақпарат алды ⚖️✨. Бұл болашақ мамандар үшін пайдалы әрі мотивация берген тәжірибе болды 🙌.