ҚМКК «Сәулетай» ясли-бақшасы базасында өткен облыстық форум

Бүгін ҚМҚК «Сәулетай» ясли-бақшасы базасында өткен «Мектепке дейінгі ұйымдардағы оқу процесінің тиімділігін арттыру құралы ретінде инновациялық технологиялар» атты облыстық форумға біздің колледждің студенттері мен оқытушылары қатысты 👩‍🏫✨ Форум барысында қатысушылар заманауи білім беру үрдісіндегі инновациялық тәсілдермен танысып, тәжірибе алмасты 💡

Менің отбасым – Қазақстанның бір бөлшегі

Бүгін біз үшін қуанышты жаңалықпен бөлісеміз! 🎉 Облыстық «Менің отбасым – Қазақстанның бір бөлшегі» атты медиа-жоба-байқауында 🏆 біздің студентіміз Ибраева Дана 💫 І орын иегері атанды! 🇰🇿👏 Бұл жеңіс – отбасы құндылықтарын дәріптеу мен патриоттық рухтың жарқын көрінісі ❤️ Дана, Read more

Қаржылық сауаттылық

Бүгін колледжімізде ерекше кездесу өтті! 💬💰 Қаржы академиясының өкілдері келіп, студенттермен қаржылық сауаттылық тақырыбында пайдалы әңгіме өткізді. 📊📚 Кездесу барысында жастар ақшаны дұрыс басқару, бюджет құру және қаржы қауіпсіздігі жайында маңызды мәліметтер алды. 💡💵 Осындай іс-шаралар студенттерге өмірлік дағдыларды дамытуға Read more

Студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру

Бүгін колледжімізде «Заң және тәртіп» жобасы аясында прокуратура қызметкерлері ⚖️ студенттермен кездесу өткізіп, дропперлік 💳 (басқаның атынан банк картасын беру немесе пайдалануға келісу) тақырыбында түсіндіру жұмысын жүргізді. Кездесу барысында жастарға 👩‍🎓👨‍🎓 дропперліктің заң бойынша қылмыс саналатыны ❗ және мұндай әрекеттердің Read more

Ұлттық диктант

Біздің колледждің 1–4 курс білім алушылары «Ұлттық диктант» жобасы аясында ұлттық диктант жазуға белсене қатысты🖋️✨ Бұл шараның мақсаты — мемлекеттік тілді дәріптеу, сауаттылықты арттыру және ұлттық рухты нығайту 🇰🇿💫 Білім алушыларымыздың белсенділігі мен ынтасына қуаныштымыз! 💙

Қазақстан – зайырлы мемлекет

Бүгін колледжімізде облыстық АТТ мүшесі Айбек Танатбаев «Қазақстан — зайырлы мемлекет» тақырыбында мазмұнды әңгіме өткізді. Кездесу барысында студенттер еліміздің зайырлылық қағидаттары, дін мен мемлекеттің өзара қатынасы туралы маңызды ақпарат алды. Шара жастардың азаматтық көзқарасын қалыптастыруға және рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.