Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары

Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және жауапты мінез-құлықты қалыптастыру мақсатында деректі фильмдер мен бейнематериалдар көрсетілді. Көрсетілім барысында заңды сақтау, жеке жауапкершілік пен саналы таңдау жасаудың маңыздылығы туралы айтылды. Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал етеді.

Қаржылық сауаттылықты арттыру

Студенттер үшін қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған бейнероликтер көрсетілімі ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушылар жеке қаржыны дұрыс басқару, шығындарды жоспарлау және саналы қаржылық шешім қабылдау туралы маңызды ақпарат алды. Қаржылық сауаттылық — болашақтағы тұрақтылық пен сенімділіктің негізі!

ТОП-10 форумы

Бүгін өткен ТОП-10 форумында Костанай облысының үздік студенттері марапатталды. «Студенттік өмірдің үздік ақпараттық қамтамасыз етілуі» номинациясында жеңімпаз атанған біздің студент Викторова София ТОП-10 қатарына енді. Жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Сондай-ақ форум аясында облыстық ТжКБ дебат лигасының жеңімпаздары марапатталды. Біздің колледждің Read more

Үздік волонтёр

3 курс «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығында білім алушы Егорова Виктория Қостанай облыстық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған шара барысында «Үздік волонтёр» атанды! Бұл марапат – оның белсенділігі мен қоғамға жасаған үлесіне берілген лайықты құрмет. Викторияның еңбегі көпке үлгі! Жетістігімен Read more

«Қостанай арулары» тобының жеңісі

Республикалық «Ертіс аймақтық лигасы» сайысында біздің колледждің «Қостанай арулары» командасы жеңіске жетіп, 2025 жылдың чемпионы атанды! Бұл маңызды дода Павлодар қаласында өтті. Біздің қыздар шеберлігін, бірлігін және нағыз көшбасшылық қасиеттерін көрсетіп, жоғары нәтижеге қол жеткізді. Құттықтаймыз! Жаңа жеңістерге жол ашық Read more