Қазақстан – зайырлы мемлекет

Бүгін колледжімізде облыстық АТТ мүшесі Айбек Танатбаев «Қазақстан — зайырлы мемлекет» тақырыбында мазмұнды әңгіме өткізді. Кездесу барысында студенттер еліміздің зайырлылық қағидаттары, дін мен мемлекеттің өзара қатынасы туралы маңызды ақпарат алды. Шара жастардың азаматтық көзқарасын қалыптастыруға және рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.

«Заң мен тәртіп» бағыты аясында ұйымдастырылған дөңгелек үстел

Идеологиялық «Заң және тәртіп» бағыты аясында колледжімізде дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 💬 Іс-шара барысында студенттер құқықтық мәдениет, азаматтық жауапкершілік және заңды құрметтеу туралы өз ойларымен бөлісіп, қызу пікірталас өткізді. Мақсат – жас ұрпақтың құқықтық санасын қалыптастыру және әділ, адал азамат болуға Read more

«Менің Республикам» тақырыбында облыстық дебат турнирі

Қостанай қаласында ТжКБ студенттері мен жұмысшы жастар арасында «Менің Республикам» тақырыбында облыстық дебат турнирі өтті. 🌟 Бұл турнир — жастардың сыни ойлау, шешендік және азаматтық көзқарасын дамытуға бағытталған маңызды алаң. 💬 Біздің колледж студенттері белсенді қатысып, өз ойларын еркін жеткізіп, Read more

Буллинг және кибербуллинг

Бүгін колледжімізде полицияның кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторы Дулатова Алма Қырықбаевна студенттермен кездесу өткізіп, буллинг және кибербуллинг тақырыптарында мазмұнды әңгіме жүргізді. Іс-шара «Заң және тәртіп» қағидаттарын қоғамдық санада бекіту және «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында өтті. Мақсаты — Read more

Республика күніне блиц-сауалнама

Колледжімізде Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері қонақта болды. 📚 Олар студенттермен Республика күні, еліміздің тарихы мен мәдениеті тақырыптарында мазмұнды блиц-сауалнама мен сұхбат өткізді. 🇰🇿 Кездесу барысында жастар өз білімін сынап, Қазақстан туралы қызықты деректермен бөлісті. 💬 Read more

«Бір ел – бір кітап»

📚 Колледжімізде Н. Островский атындағы орталық қалалық кітапхананың өкілдері қонақта болды. ✨ Қонақтар республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жазушы Такен Әлімқұловтың шығармашылығына арналған мазмұнды іс-шара өткізді. 🎤 Кездесу барысында студенттер жазушының өмірі мен әдеби мұрасы жайлы тың Read more

Жалпыреспубликалық сенбілік

🌿 «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында елімізде жалпыреспубликалық сенбілік өтті! Біздің колледж ұжымы да табиғатты қорғау мен туған өлкемізді таза ұстау мақсатында белсене қатысты. 🤝 Бірлік пен еңбектің арқасында ауламыз ажарланып, жүрегіміз шаттыққа толды! 💚

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен кездесу

Колледжімізде Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері түлектермен кездесу өткізді. 🚒 Кездесу барысында олар департаменттің қызметі туралы айтып, жастарды өз қатарларына қосылуға шақырды. 🤝 Мұндай кездесулер студенттерге мамандық таңдауда дұрыс бағыт береді және болашаққа сенім ұялатады. 🌟

Ақпараттық ортадағы қауіпсіздік

🔒💻 Колледжде «Ақпараттық ортадағы қауіпсіздік» тақырыбында кураторлық сағаттар өткізіліп келеді. Студенттер киберқауіптер, жеке деректерді қорғау және әлеуметтік желілердегі жауапкершілік туралы маңызды мәліметтер алады. 🌐📱 Қауіпсіз интернет – өз болашағыңды қорғау! ✅

Өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау

Бүгін 1 курс студенттерімен 📚 қалалық емхананың мамандары кездесу өткізді 🩺. Әңгіме барысында ерте жүктіліктің алдын алу 👶 және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау туралы маңызды тақырыптар қозғалды. Осындай кездесулер жастардың саналы таңдау жасауына және өмірлік құндылықтарды дұрыс қалыптастыруына ықпал етеді Read more