Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жасалған меморандум шеңберінде, сондай-ақ қаржылық сауаттылықты арттыру, әлеуметтік маңызы бар салық заңнамасындағы өзгерістер бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 2023 жылғы 17 ақпанда «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы «ҚР Заңы»тақырыбында семинар өткізді. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері жеке тұлғалардың банкроттықты өткізу тәртібі мен рәсімімен таныстырды.
Осы семинарға «Есеп және аудит» мамандығының 3 курс білім алушылары қатысты. Қамту 12 адам.