«DosbolLike және буллингке қарсы сенім педагогикасы»

DosbolLike және буллингке қарсы сенім педагогикасы» тақырыбында педагогтерге арналған мастер-класс өтті. Іс-шара кейс-стади әдісі негізінде ұйымдастырылып, білім беру ортасында буллингтің алдын алу жолдары мен сенімді қарым-қатынас қалыптастырудың тиімді педагогикалық тәсілдеріне арналды.
Мастер-класс барысында қатысушылар нақты жағдайларды талдап, оқушылар арасындағы жағымсыз мінез-құлықтың себептерін анықтау, оны ерте кезеңде тану және алдын алу бойынша практикалық шешімдерді қарастырды. Сонымен қатар, педагог пен білім алушы арасындағы сенімге негізделген өзара әрекеттестіктің маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Өткізілген жұмыс педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталды.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған