Бірыңғай ата-аналар жиналысы

Колледжімізде «Суицидтік мінез-құлықтың, буллингтің және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында Бірыңғай ата-аналар жиналысы өтті.

Жиналыс барысында жасөспірімдердің психологиялық жағдайы, қауіптің алғашқы белгілерін дер кезінде байқау, ата-ана мен білім беру ұйымының өзара ынтымақтастығы мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар буллинг пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары, балаларға қолдау көрсету және сенімді қарым-қатынас орнатудың маңыздылығы айтылды.

Біздің басты мақсатымыз — қауіпсіз, мейірімді және қолдаушы орта қалыптастыру 🤝
Әр бала – қамқорлық пен түсіністікке лайық ❤️

Бірлескен жұмыс арқылы ғана біз балаларымыздың жарқын болашағын қамтамасыз ете аламыз 🌿

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған