Колледжімізде құқықтық мәдениетті қалыптастыру және жастардың қауіпсіздігін нығайту мақсатында қорытынды ведомствоаралық іс-шара — Құқықтық диалог «Шекаралар туралы диалог: қауіпсіздік, келісім, заң» өткізілді ⚖️
Кездесуге кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор Назаров Т.А. қатысып, білім алушыларға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік, құқықбұзушылықтың салдары, жеке шекара мен заң талаптарын сақтау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты мысалдар негізінде пайдалы ақпарат алды 💬
Іс-шараның мақсаты — құқықтық сауаттылықты арттыру, саналы мінез-құлық қалыптастыру және өзара құрмет мәдениетін нығайту 🤝
Құқықтық диалог






