Наурыз мейрамын мерекелеудің «Наурызнама» тұжырымдамасы аясында колледж еріктілері «Таза аула» атты волонтерлік акция ұйымдастырды. ❄️🧹
Акция барысында студенттер жалғыз тұратын қарияның үй ауласындағы қарды тазалап, көмек көрсетті. Бұл игі іс – үлкенге құрмет көрсетудің, жанашырлық пен қамқорлықтың айқын көрінісі. 🤝
Аталған шара «Қайырымдылық күні» аясында өтті. Бұл күн мейірімділікке, қайырымдылыққа, волонтерлікке және бір-біріне көмек көрсетуге арналған. ❤️
Мұндай игі бастамалар жастардың бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастырып, қоғамда мейірім мен бірлікті нығайтуға ықпал етеді. ✨
«Таза аула» волонтерлік акциясы





