Классикалық және экипировкалық жатып сығымдау бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты

Құттықтаймыз! 🥇💪
Колледжіміздің 2-курс білім алушысы, «Есеп және аудит» мамандығы бойынша оқитын Анастасия Трубчак Шымкент қаласында өткен классикалық және экипировкалық жатып сығымдау бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатында 52 кг салмақ дәрежесінде I орын иеленді. Екі нәтиже бойынша да жеңіс: 57,5 кг және 70 кг!
Оқу мен спортты қатар алып жүрген табандылығың құтты болсын! Алдағы жарыстарда да жаңа рекордтар тілейміз! ✨

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған