Колледжде қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру, табиғатты аялау және экологиялық жауапкершілікті арттыру мақсатында «Барлыққазақстандық ағаш отырғызу күндері» республикалық экологиялық акциясы ұйымдастырылды.
Акция барысында колледж қызметкерлері мен білім алушылар оқу орнының аумағын көгалдандыру жұмыстарына белсенді қатысып, ағаш көшеттерін отырғызды. Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны жақсартуға үлес қосу, жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру және экологиялық мәдениетті дамыту.
Осындай игі бастамалар туған өлкеміздің табиғи байлығын сақтауға және болашақ ұрпақ үшін қолайлы экологиялық орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
