«Жастар – елдің инновациялық дамуының факторы және ресурсы»

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының ТжКБ әдістемелік кабинетінің қолдауымен «ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжі» ЖМ ұйымдастыруымен «Жастар – елдің инновациялық дамуының факторы және ресурсы» атты «Жас Ғалым-2023» халықаралық қатысумен республикалық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференцияға Қостанай гуманитарлық колледжінің білім алушылары Аманжолов Арыстан, Баяндинова Карина, Блинова Алёна, Қылышбек Жасұлан, Фирсова Анна оқытушы Нұржан Гүлжанат Түйебайқызының жетекшілігімен қатысты. Студенттік ғылыми-тәжірибелік конференцияға республика және халықаралық серіктестер колледждерінің студенттері өздерінің ғылыми жобаларын қорғады. Әділқазы алқаларының шешімімен 2-курс студенті Блинова Алена 2-дәрежелі дипломмен марапатталды және сыйлық табыс етілді. 3-курс студенті Аманжол Арыстан «Зерттеу тәсілдемесі» номинациясы бойынша мадақтамамен марапатталды.
Қостанай гуманитарлық колледжінің директоры А.Ж. Айтмагамбетов жеңімпаздарды жүлделерімен құттықтап және жетекшілік жасаған Г.Т. Нұржанға алғыс білдіре отырып алдағы уақыттағы шығармашылық жұмыстарына сәттілік тіледі.

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған