«Оқуға құштар колледж» жобасы аясында Қостанай гуманитарлық колледжінде «Ең көп оқитын топ» байқауы өтті. Бір ай бойы өткізілген байқау ең көп оқитын топты анықтауға мүмкіндік беріп, оқушылардың кітап оқуға баулуына ықпал етті.
Ақпарат заманы жастардың өмірінен кітапты аяусыз ығыстырып жатқанын бәріміз білеміз, бірақ біздің білім алушыларымыз тек кітап ой-өрісімізді кеңейтіп, қиялымызды дамытып, сөздік қорымызды молайтып, күйзеліске қарсы тұруға көмектесетінін, тіпті бізді бақытты ететінін біледі.Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Кітап оқу – рухани кемелдіктің қайнар көзі» деп нақты атап өткен. Студенттер қазақ авторлары: Морис Симашко, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ыбырай Алтынсарин және басқа да жазушылардың кітаптарын үлкен қызығушылықпен оқыды. Студенттер тағдырдың сынақтарын шығарма кейіпкерлерімен бірге басынан кешіріп, кітаптардың мазмұнын терең түсініп, авторлар туралы білімдерін ортаға салып, өз пікірлерін білдірді.
Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы ең көп оқитын топты анықтады. Байқау жеңімпаздары мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды.