Оқы және жең

Қостанай облысында «Оқы және жең» атты 2-ші
онлайн кітап оқу байқауы басталды. Конкурсқа Қостанай облысының тұрғындары, конкурс өткізу кезінде қай жерде тұратынына қарамастан, шақырылады. Байқау үш жас топтары бойынша өткізіледі:
– 10 жастан 14 жасқа дейін (қоса)
– 15 жастан 18 жасқа дейін (қоса)
– 19 жас және одан жоғары.
Байқау 2024 жылдың 1 қыркүйегінде басталып, 21
желтоқсанда аяқталады және 4 кезеңде өтеді.
Онлайн-конкурсқа қатысу үшін конкурс ережелерімен танысып, https://kitap10.kz/ru сайтында тіркелу қажет.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері келесі
марапаттарға ие болады:
I дәрежелі диплом – 6 адам
II дәрежелі диплом – 12 адам
III дәрежелі диплом – 18 адам және ақшалай
сыйлықақылар.
Барлық сұрақтар бойынша кітапханаға
хабарласыңыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған