«Кітап-сарқылмас рухани байлық»

«Оқуға құштар колледж» жобасын іске асыру аясында «Кітап – сарқылмас рухани байлық»әдеби кейсі өтті. Басты мақсат-студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын ояту, кітаптың рухани байлық көзі және жеке өсу құралы ретіндегі маңыздылығы туралы хабардар ету, оқудың құндылығын көрсету және кітаптың көкжиегін қалай кеңейтетінін, жаңа жетістіктерге жетелейтінін және шабыттандыратынын көрсету. Білім алушылар өздерінің сүйікті кітаптары туралы пікір алмасты, қорға келіп түскен жаңа кітаптармен танысты, тағы да қызықты кітаптарды оқығысы келетіндерін талқылады. Сондай-ақ, кітаптың қазіргі заманғы жоғары технологиялар дәуірінде қандай рөл атқаратыны және оның біздің дамуымызға қалай көмектесетіні туралы мәселе қозғалды. Әңгімелер, өлеңдер мен поэмалар сөздің сұлулығын көруге, күрделі көркемдік әдістерге – өмірдің, рухани мұраның құндылығын түсінуге үйретеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған