2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Қостанай Гуманитарлық колледжі» мекемесінде Индустриялық кеңестің бірінші отырысы өтті. Индустриялық кеңес құрамына: әлеуметтік серіктестер, арнайы пән оқытушылары және колледж Студент Парламентінің төрағасы кіреді. Жұмыс жоспарының күн тәртібіне сәйкес Индустриялық кеңес мүшелері Индустриялық кеңестің жұмысын ұйымдастыру мен қызметін, кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу, дуальды оқытуды реттейтін нормативтік құжаттармен танысты. Отырыс барысында күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, ұсыныстар қабылданды.