«Жаңашыл мұғалім-2025″тақырыбында ТжКБ қазақ тілі мұғалімдерінің облыстық байқауы

          2025 жылдың 12 ақпанында «Қостанай Гуманитарлық колледжі» мекемесінің базасында «Жаңашыл мұғалім-2025» тақырыбында ТжКБ ұйымдарыныың қазақ тілі оқытушыларының облыстық байқауы өтті.

                               Облыстық байқаудың ұйымдастырушысы – Қостанай облысы білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ.  Қазақ тілі оқытушыларының облыстық байқауы Қостанай облысы білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ-нің қызмет жоспарына сәйкес өткізілді. Қазақ тілі оқытушыларының кәсіби шеберлігін арттыру – байқаудың басты мақсаты. «Жаңашыл мұғалім-2025» облыстық байқауына Қостанай облысының 14 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының оқытушылары қатысты.

Байқау үш кезеңнен тұрды:

  1. Визит карточкасы;
  2. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясындағы авторлық бағдарламаның таныстырылымы;
  3. Тестілеу;
  4. Шебер сынып

       Біздің колледждің арнайы пәндер оқытушысы Нұржан Гүлжанат Түйебайқызы байқауға белсенді қатысып, барлық кезеңдерден сәтті өтіп, «Қазақ тілі білімінің салаларын «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде оқыту» тақырыбындағы авторлық жұмысын ұсынды. Нәтижесінде, ол үшінші орын алды.

          Байқаудың қорытынды сөзі Қостанай облысы әдістемелік орталығы директорының орынбасары Г.М.Утегеноваға берілді.

         Гүлнара Маратовна қазақ тілі оқытушыларының облыстық байқауы тәжірибе алмасу мен қазақ тілін оқытудағы практикалық қызметті жетілдіруге бағытталғанын атап өтті.

           Бұл байқау қазақ тілі оқытушыларының кәсіби шеберлігін дамытуда маңызды іс-шара болып табылады. Байқауға қатысушылар оның өзектілігін, тәжірибелік маңыздылығын және ұйымдастыру деңгейінің жоғары болғанын атап өтті.

          Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша қатысушылар өздерінің теориялық және практикалық деңгейін арттырып, қазақ тілін оқытуда авторлық бағдарламаларды әзірлеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған