Қаржы пирамидалары

11 сәуір күні “Қостанай облысы экономикалық тергеу департаментінің” шақыруы бойынша “Құқықтану” мамандығының 2-курс білім алушылары “Қаржы пирамидалары” тақырыбындағы зияткерлік ойынға қатысты. Іс-шараның мақсаты – қаржылық сауаттылықты арттыру және студенттерді алаяқтардың қылмыстық схемаларынан сақтандыру. Іс-шараның маңыздылығы тақырыптың өзекті мәселелерін талқылаумен расталады: “Қаржы пирамидасына қалай түспеуге болады?”. Қостанай облысы бойынша ЭД қызметкерлері дәріс оқыды. Сондай-ақ барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар берілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *