Колледжімізде «Өмірге қол соз!» атты бір реттік акциясы аясында психологиялық жаднамалар, парақшалар таратылды. Акцияның мақсаты – жастар мен ата-аналарды психологиялық қолдау орталығының қызметімен таныстыру, буллинг пен зорлық-зомбылықтың, ПӘҚ қолданудың алдын алу. «Медиация мектебі» және «Қарым-қатынас бағдаршамы» атты психологиялық жаттығулар өткізілді. Студенттер жанжалдарды бейбіт жолмен шешу дағдыларын дамытып, өз сезімдері мен эмоцияларын дұрыс жеткізуді үйренді. Диалог мәдениетін қалыптастыру – қауіпсіз әрі түсіністікке толы орта құрудың алғашқы қадамы. Біз бірге – қауіпсіз болашақ үшін! Буклет алған әрбір адам – маңызды ақпарат иесі.
Өмірге қол соз!
